Malim.kz
Қоғам

Астанада әйел LRT вагонында Жұлдыз Әбдікәрімованы кездестірді

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот\ЖИ арқылы өңделген

Астанаға алғаш рет келген әйелдің сапары күтпеген кездесумен есте қалды. Ол елордадағы LRT вагонында актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы кездестіріп, сәтті видеоға түсірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел танымал актрисаны көргеніне таңданысын жасырмайды.

"Бірінші рет Астанаға барып, барлық жұлдызды көріп келдім ғой", - дейді ол әзілдеп.

Кездейсоқ түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары оқиғаға түрлі пікір білдіріп, әйелдің Астанаға алғашқы сапары ерекше басталғанын жазған.
 

Жұлдыз Әбдікәрімова кім?

Жұлдыз Әбдікәрімова - қазақстандық актриса, тележүргізуші және продюсер. Ол өнер саласында білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін театрда қызмет еткен. Кейін отбасын құрып, төрт баласының тәрбиесіне байланысты актерлік мансабына шамамен 10 жыл үзіліс жасаған. 

Жұлдыз Әбдікәрімова әнші Қайрат Нұртастың жары ретінде де көпшілікке кеңінен танылды. Екеуі колледжде танысқан: Жұлдыз Қайраттан бір курс жоғары оқыған. Кейін оқуын аяқтаған соң шаңырақ көтерген. 

Өнерге қайта оралғаннан кейін Жұлдыз кино, театр және телевизиялық жобаларға қатысып, продюсерлік бағытта да жұмыс істей бастады. БАҚ-та ол актриса әрі кәсіпкер ретінде де таныстырылып жүр. 

2025 жылы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелгені хабарланды.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары