Астанада нөсер жаңбыр салдарынан бірқатар көшеде су жиналып, көлік қозғалысы қиындады. Қала әкімдігінің мәліметінше, 23 шілдеде елордаға 18,2 мм жауын-шашын түсіп, бұл шілде айындағы климаттық норманың шамамен үштен біріне тең болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ал 22 шілдеде қалада 20,8 мм жауын-шашын тіркелген. Осылайша, екі күн ішінде жауған жауын-шашынның жалпы көлемі 39 мм-ге жетіп, айлық норманың шамамен 70 пайызын құрады.
Қатты жауыннан кейін қаланың жекелеген аумақтарында су жиналған. Әкімдік коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын және су басқан учаскелерді тазарту жұмыстары жедел жүргізілгенін хабарлады.
«Қазгидромет» бұған дейін шілде айында Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде атмосфералық тұрақсыздық сақталып, нөсер жаңбыр, найзағай және екпінді жел жиілейтінін болжаған болатын.