Malim.kz
Қоғам

Астанада алапат өрт: Тұрғын үйлердің шатыры түгел жанып кетті

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Астананың Байқоңыр ауданындағы Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан екі жеке тұрғын үй мен бір шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранып, жалын ашық түрде таралған.

Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны іске қосылды. Алайда жоғары өрт жүктемесі мен қалың түтін құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланып, кейін ашық жану толық тоқтатылды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жасырын жану ошақтарының алдын алу үшін су құю және құрылымдарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ құтқарушылар өрт аумағынан бес газ баллонын жедел шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары