Malim.kz
Қоғам

Астанада алғаш рет аэротакси сынақтан өтеді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

24 шілде күні сағат 09:00-де Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында алғаш рет аэротаксидің демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Alatau Advance Air Group Ltd компаниясының мәліметінше, сынақ барысында аспанға бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған тік ұшып-қонатын электрлі әуе көлігі – AutoFlight Prosperity (eVTOL) көтеріледі.

Компанияның хабарлауынша, әуе көлігі сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, бір қуатта 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.

Бұл көрсетілім 2026 жылдың мамыр айында Алатау қаласында өткен Қазақстан тарихындағы алғашқы eVTOL аппаратының сынақтарының жалғасы болмақ.

Ұйымдастырушылар ауа райы қолайсыз болған жағдайда демонстрациялық ұшудың кейінге шегерілуі мүмкін екенін ескертті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары