Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан білім алады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 25 ақпанда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
«2026 жылғы 25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 24–26 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт суытатынын болжаған еді.