Malim.kz
Қоғам

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

Malim Админ

Бүгін № 18, 27, 47 автобустар бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.


Құрметті жолаушылар! № 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 1 мамырдан бастап 14 автобус бағытының қозғалыс бағыты уақытша өзгеретінін жазған едік. 

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетіп, қоғамдық көлікке бір күнде 1 млн астам адам мінген. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Malim Админ
Автордың басқа материалдары