Malim.kz
Қоғам

Астанада даулы Telegram-арнаның әкімшілері сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: nextpit.com

Астанада анонимді QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот Р.Ә. мен Р.Т.-ны алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі көлемде бопсалау жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Айыпталушылардың біріне 6 жыл 6 ай колония жазасы тағайындалса, екіншісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуіне де мүлкін тәркілеу жазасы қосымша қолданылды.

Қазіргі таңда іс апелляциялық сатыда қаралып жатыр, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары