Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің ауласында екі әйелдің жанжалы видеоға түсіп қалды, деп Malim.kz тілшісі jaman.emes instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрлардан әйелдердің бір-біріне қол жұмсағанын көруге болады. Оқиғаға балалардың да қатысы болған.
Полиция мәліметінше, жанжал балалар алаңындағы әткеншекке кезекке таласудан басталған. Оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.