Malim.kz
Қоғам

Астанада кофе дүкенінде өрт шықты

Арман Қайыпхан

Астанада Тұран көшесінің бойында орналасқан 17 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кофе дүкенінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, дүкен ішіндегі қоқыс жәшігі мен асүйдегі май қалдықтары жанған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ күштері өртті жедел оқшаулады.

Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түспеген.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары