Malim.kz
Қоғам

Астанада LRT құрылысы жүріп жатқан аумақта кран құлады

• Malim Админ

Оқиға орнына қалалық әкімдік қызметкерлері, LRT салып жатқан компания өкілдері мен Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері барған.

«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын ала себебі – шамадан тыс жүктеме.

Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», - делінген өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Фото myastanacity/Telegram

Malim Админ
Автордың басқа материалдары