Malim.kz
Оқиға

Астанада медицина қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Елордадағы қалалық психикалық денсаулық орталығында фельдшерге қол көтерген тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оқиға 3 сәуірде болған: ер адам ауруханада жатқан туысымен кездесуді талап етіп, өзі туралы мәлімет беруден бас тартқан. Фельдшердің қабылдау уақытын күту туралы ескертуіне ашуланған ол, медицина қызметкерін соққыға жығып, қашып кеткен.

Зардап шеккен қызметкерге «бас-ми жарақаты» диагнозы қойылды. Полиция жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 47 жастағы күдіктіні құрықтады.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті қызметтік міндетін атқарушы мамандарға көрсетілген кез келген агрессия үшін жауапкершілік қатаң болатынын ескертті.

Еске салайық, 7 наурыздан бастап Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілген еді. Бұл өзгерістер медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қорқыту әрекеттері үшін жазаны қатаңдатуды көздейді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары