Malim.kz
Қоғам

Астанада мешітте 1 млн теңгелік күртке ұрланды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Астанадағы мешіттердің бірінде қымбат брендтің киімі ұрланды. Шамамен 1 млн теңге тұратын Moncler күрткесін белгісіз адам қолды еткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала дерек бойынша, ер адам мешіт ішінде еркін қолжетімділікті пайдаланып, дәлізде ілулі тұрған әйелдің киімін алып кеткен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны ұстады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық орындарда жеке заттарына мұқият болуға және күмәнді жағдайлар байқалған кезде 102 нөміріне хабарласуға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары