Malim.kz
Қоғам

Астанада қала күні 39 нәресте дүниеге келді

Арман Қайыпхан

6 шілде күні елордадағы перзентханаларда 39 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың 22-сі ұл, 17-сі қыз бала. Босану бірнеше медициналық мекемеде тіркелді: №2 және №3 көпбейінді ауруханалар, қалалық Перинаталдық орталық, сондай-ақ «Рахат» және басқа да жекеменшік клиникалар.

Жаңа туған сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы. Барлығы тиісті медициналық бақылау мен күтімге алынған.

Дәрігерлер 6 шілдеде дүниеге келген сәбилерді қала күнімен тұспа-тұс келген ерекше сый ретінде бағалап отыр.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары