Астанада Нұра ауданында, Қарқаралы тас жолы бойында автобус өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезінде автобус толықтай отқа оранған еді. Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.