Malim.kz
Қоғам

Астанада құрылысшы краннан құлап, қаза болды

Malim Админ

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран операторы биіктен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті өкілдері растады.

Құрылысшы краннан түсіп бара жатып, құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. 

Аталмыш дерекке байланысты "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникаларын сақтамау салдарынан адамның мертігуі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Өзге ақпараттарға сүйенсек, қаза тапқан құрылысшының жасы небәрі 22-де болған.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары