Malim.kz
Әдебиет

Астанада «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді

Айбын Атабай
facebook.com

Астанада 18-22 қараша аралығында «Шабыт» XXVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Бұл – Қазақстандағы ең ірі мәдени шаралардың бірі болып саналатын, әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін беделді фестиваль, - деп жазды әкімдіктен.

«Шабыт» фестивалінің басты мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.

Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады. Бұл қатарға өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, сондай-ақ филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары кіреді.

Әр қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.

Өтінім қабылдау 5 қарашаға дейін жалғасады. 

Номинациялар:

Камералық хор. Хор дирижері;

Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік;

Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано);

Фольклорлық ансамбль (2-5 қатысушы);

Эстрадалық вокал (дуэт, трио);

Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика);

Поэзия (үздік әдеби шығарма).

Сыйақы қоры:

Гран-при — 3 000 000 теңге;

I орын — 1 000 000 теңге;

II орын — 750 000 теңге;

III орын — 500 000 теңге.

«Шабыт» фестивалі – жаңа есімдердің бастау алаңы, шабыт пен шығармашылықтың қайнар көзі, сондай-ақ Қазақстан мен әлем жастарының бірлігін паш ететін мәдени бренд.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары