Астанада ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН рәсімдеуге мүмкіндік берген заңсыз схема әшкереленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Тергеу мәліметінше, 2024-2025 жылдары шетел азаматтары әлеуметтік желілер арқылы тартылып, жалған өтінімдер негізінде ЖСН алған. Заң бойынша ЖСН беру үшін өтініш берушінің Қазақстанда жеке болуы және биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет.
Агенттік дерегінше, қылмыстық схемаға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Астанадағы филиалының қызметкерлері қатысқан. Олар ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, жалған өтінімдер рәсімдеген. Қызмет ақысы делдалдар арқылы аударылып, қатысушылар арасында бөлінген.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.