Астанада 20 жастағы жігіт тұрғын үй ауласындағы шлагбаумды сындырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда жас жігіттің шлагбаумды бірнеше рет тепкені көрінеді.
Салдарынан құрылғы сынып, толықтай істен шыққан.
Сот 20 жастағы азаматты кінәлі деп танып, оған 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салды.