Астанада тұрғын үйдің қасбеті опырылып, құтқарушылар апатты жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі кондиционер қондырғысы мен кірпіш қаптамасы құлады. Оқиға салдарынан бірінші қабаттағы дүкен кіреберісі зақымданды.
Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып, қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.