Malim.kz
Оқиға

Астанада велосипед мінген жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Астанада велосипед тізгіндеген тағы бір жасөспірім жүк көлігінің астына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Тілендиев даңғылында болған. Алдын ала дерек бойынша, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен өтіп бара жатқан баланы байқамай қалған.

Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін елордада бетон араластырғыш көлік велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетіп, жасөспірім оқиға орнында көз жұмған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары