freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадағы ауыр апат: бетон араластырғыш көлік баланы қағып кетті

Оқиға
Астанадағы ауыр апат: бетон араластырғыш көлік баланы қағып кетті
Фото: видеодан скрин

Астанада жантүршігерлік жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған велосипедші қаза тапты. Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Пушкин көшесіне оңға бұрылу кезінде жолдың жүру бөлігін кесіп өтпек болған велосипедшіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Әлеуметтік желілер мен мектеп чаттарында тараған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан бала елордадағы №27 мектептің 5-сынып оқушысы болған. Сондай-ақ оның бетон араластырғыш көліктің астына түскені айтылды.

Полиция аталған деректі растады.

«Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға, сондай-ақ мектеп маңында, тұрғын аудандар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде ерекше сақ болуға шақырды.

Полиция өкілдері рөлдегі бір сәттік салғырттық ауыр салдарға алып келуі мүмкін екенін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу