Malim.kz
Қоғам

Астанада және 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

• Арман Қайыпхан

«Қазгидромет» синоптиктері Астана мен 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада найзағай, бұршақ, дауыл. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қауіпті аймақтар мен құбылыстар: Маңғыстау, Атырау, БҚО, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар – найзағай, бұршақ, күшті жел, өрт қаупі жоғары.

Қызылорда – 40°C аптап, шаңды дауыл.

Жетісу, ШҚО, Абай, Ұлытау, Қарағанды – 35–36°C ыстық, найзағай, жел, төтенше өрт қаупі.

Алматы, Жамбыл – таулы өңірлерде найзағай, жел.

СҚО, Ақмола, Қостанай – бұршақ пен дауыл күтіледі.

Тұман – СҚО-да түнде және таңертең.

Жоғары температура мен жел – орман және дала өрттері үшін қауіпті жағдай тудырады.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары