Malim.kz
Қоғам

Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Астана қаласында Әл-Фараби даңғылы маңында автобус өртенді., деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖД мәліметінше, өрт автобустың артқы бөлігіндегі қозғалтқыш бөлімінен шыққан. Оқиға орнына жедел қызметтер келіп, өртті толық сөндірді.

Құтқарушылар жеткенге дейін барлық жолаушы автобустан өздігінен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары