Malim.kz
Қоғам

Астанада жылу беріле бастады

Арман Қайыпхан

Бүгін, 28 қыркүйекте сағат 14:00-ден бастап қалада орталықтандырылған жылу беру кезеңі іске қосылады. Бұл туралы тұрғындарға таңертең ресми хабарлама таратылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Назар аударыңыздар:

Жылу бірден емес, кезең-кезеңімен беріледі. Сондықтан процесс бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде қала бойынша ыстық су мен жылудың қысым параметрлері уақытша төмен болуы ықтимал. Бұл жағдайға түсіністікпен қарап, толық аяқталуын күтуіңіз сұралады.

Жеке өтінімдер мен ақылы қызметтер біраз уақыттан кейін орындалады, себебі барлық техникалық мамандар алдымен жылу беруді қамтамасыз ету жұмыстарына жұмылдырылған.

Апаттық жағдай туындаған жағдайда тәулік бойы қабылдайтын диспетчерлік қызметке хабарласуға болады:

+7 (711) 060-47-77
+7 775 542-55-13

Фото: SBenitez / Getty Images

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары