Malim.kz
Қоғам

Астанадағы өрт: тұрғындарды эвакуациялау барысы көрсетілді (ВИДЕО)

Мәди Саматұлы

Төтенше жағдай министрлігінің нақтыланған мәліметі бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік дерегінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Онда 16 техника мен 72 адам жұмылдырылған.

Ғимараттың өзі әкімшілік және ішінара тұрғын үй.

Оқиға орнында штаб құрылған, эвакуациялау жүріп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: ТЖМ

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары