Malim.kz
Қоғам

Астанадағы заңсыз құрылыс дауы: 426 отбасы зардап шекті

Айбын Атабай
Көрнекі сурет: Zakon.kz

Астана қаласының прокуратурасы «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысы бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдады.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен азаматтардың қаражатын үлестік құрылысқа заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды.

Іс-әрекеттері 426-дан астам отбасының мүдделеріне 8,2 млрд теңге көлемінде залал келтіруге әкеп соққан адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталды, — делінген прокуратура хабарламасында.

Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды, — делінген хабарламада.

Күдікті 12 тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары