Malim.kz
Саясат

Астанаға ресми сапармен Мажарстан президенті келеді

Арман Қайыпхан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары