Астана тұрғыны әлеуметтік желіде ерекше баласына қатысты әсерлі оқиғаны жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Анасының айтуынша, ұлы полиция қызметкерлерінің көлігіне отырып көруді армандаған. Алайда алғашында тәртіп сақшылары қызметтік міндетін атқарып жүргендіктен, баланың өтінішін орындай алмаған.
Сол сәттен кейін баланың көңілі түсіп, көзіне жас алған. Бірақ оқиға мұнымен аяқталмады.
Келесі күні полицейлер отбасыға өздері хабарласып, баланы қызметтік автокөлікпен серуендеткен. Осылайша тәртіп сақшылары ерекше балаға қуаныш сыйлап, оның арманын орындады.