Malim.kz
Қоғам

Астаналық стример тікелей эфирден кейін айыппұл арқалады

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот / ЖИ арқылы өңделген

Астанада 27 жастағы стример Маржан Әділбек тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, "көңіл көтеретін газ" қолданғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Тікелей эфир барысында әйел әуе шарынан "көңіл көтеретін газ" қолданған.

Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар полиция эфир өткен мекемеге қатысты тексеріс бастаған. Құқық қорғау органдары Қазақстанда таралуына тыйым салынған "көңіл көтеретін газдың" қолданылуына да жеке құқықтық баға бермек.

Бұған дейін демалыс күндері өткен тікелей эфир кезінде стример көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, бірнеше рет былапыт сөз қолданғаны хабарланған. Ал "көңіл көтеретін газды" пайдалануы туралы сұраққа ол "Қалай ақша табамын, солай демаламын" деп жауап берген.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары