Malim.kz
Қоғам

Атауында ру-тайпа аттары бар ұйымдардың жұмысына шектеу қойылмақ

Айбын Атабай
pinterest.com

Қазақстанда атауында ру-тайпа аттары бар не қызметінде «рулық-тайпалық құрылыстарға қатыстылығы көрсетілетін» коммерциялық ұйымдардың жұмысына шектеу қоятын ережелер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq.org басылымына сілтеп. 

Бұл жөнінде мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Заңға енгізілетін түзетулер қазір мемлекеттік органдарда қаралып жатыр дейді үкімет басшысы.

«Атап айтқанда, атауы немесе қызметі рулық-тайпалық құрылымдарға қатыстылығын көрсететін немесе заңнамаға қайшы келетін коммерциялық емес ұйымдарды құруға тыйым салу; республикалық мәртебесін растау талаптарын күшейту; бірлестіктерді жабуға негіз болатын нақты себептерді белгілеу қарастырылған», – делінген Бектенов жауабында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары