Malim.kz
Мәдениет

Атырау облысында 149 адам коронавирус жұқтырды

• Malim Админ

Атырау облысында соңғы тәулік ішінде 149 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Malim.kz денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше төрт адам Атырау қаласынанан. 144 адам Теңіз кен орнынан болса, бір адам Жылыой ауданында ауырып қалған.

Коронавирусқа шалдыққандардың 25-де инфекцияның белгілері бар. Соңғы тәулікте өңірде 43 адам жазылып шыққан. Үйлерінде ем алып жатқандардың саны 290 адам болса, облыстық инфекциялық стационарда 91 адам дәрігерлердің қарауында. Аудандық инфекциялық стационарда - 38, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 778 жұмысшы ем-дом алып жатыр.

Фото: progorodsamara.ru

Malim Админ
Автордың басқа материалдары