Malim.kz
Қоғам

Атырау облысында бопсалаушы «блогер» ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: polisia.kz

Атырау облысында полиция мердігер ұйымның өкіліне қатысты бопсалау фактісін анықтап, күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

29 қазан күні жол компаниясының қызметкері белгісіз ер адам өзін блогер әрі «қоғамдық белсенді» деп таныстырып, одан 30 миллион теңге талап еткенін хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті төлем жасаудан бас тартса, кәсіпорынның беделіне нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаумен қорқытқан.

Оперативтік іс-шаралар барысында полиция 1982 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол қажетті тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 3-бөлімі, 2-тармағы («Үлкен көлемде бопсалау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу сотқа дейінгі кезеңде жалғасуда және Атырау облысы полиция департаментінің бақылауында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары