Malim.kz
Қоғам

Атырау облысында полицейлерге бір топ адам шабуыл жасаған

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Атырау облысының Мақат ауданында қызметтік міндетін орындап жүрген тәртіп сақшыларына бір топ адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер заңға қайшы әрекеттің алдын алу кезінде агрессияға тап болған. Бір топ азамат оларға күш қолданып, салдарынан екі қызметкер жарақат алған.

Қазір оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталып, оларға қатысты тиісті процессуалдық шаралар қабылданды.

Аталған факті бойынша «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары