Атырау облысының полиция департаментінің басшысы қызметіне Бекиев Онал Ботайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Онал Ботайұлы 1975 жылы 21 қаңтарда Алматы облысында (Қазақ КСР) дүниеге келген. Ол бірнеше мамандық бойынша жоғары білім алған:
▪️ 1997 жылы – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін тәмамдаған
▪️ 2002 жылы – Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген
▪️ 2014 жылы – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған
2021 жылғы 6 мамырда полиция генерал-майоры арнайы шені берілді.
Бұрын Атырау облысының полиция департаментін басқарған Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлы Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.