Malim.kz
Қоғам

Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейі көтерілді

Malim Админ

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Malim.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су жол төсеміне жақындады. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілуде.

Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етуде.

Жағдай бақылауда.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары