Malim.kz
Оқиға

Атырау қаласы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр

Айбын Атабай
gov.kz

БАҚ-та Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Malim.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеп. 

Басылым ресми емес дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Мұқасовтың ұсталғанын мәлімдеді.

"Тергеуді ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр. Іс материалдарында әңгіме 40 миллион теңгеге қатысты екені және екінші күдікті бар екені белгілі. Дереккөздердің хабарлауынша, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдірген, алайда кейін бас тартқан", - делінген ақпаратта. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен облыстық прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме бермеген. 

Мейіржан Мұқасов Атырау облысының тумасы, 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қалалық ТКШ бөлімінде түрлі лауазымдар атқарған, қалалық бөлімді басқарған, кейін облыстық қаржы басқармасын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасын басқарған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары