Malim.kz
Қоғам

Атырауда 7 жастағы қыздың үстіне ескерткіш құлады

• Malim Админ

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды. Қайғылы оқиға туралы қалалық Полиция басқармасы мәлімет берді.

Келеңсіз жайт 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атыраудағы Жеңіс саябағындағы алаңда орын алған.

«2017 жылы туған қыздың үстіне ескерткіш құлады. Алған жарақатының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазір бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Фото: azh.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары