Malim.kz
Қоғам

Атырауда екі қабатты мейрамхана өртенді

Арман Қайыпхан

ТЖМ өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау қаласының Геолог шағын ауданында, Аққұлов көшесінде орналасқан екі қабатты мейрамхана кешенінің шатыры 500 шаршы метр аумақта жанды.

Өрт сөндіру есептоптары оқиға орнына жеткен кезде, ғимараттың екінші қабатында орналасқан кафе шатырының ағаш конструкцияларын от шарпыған болатын.

Өрт 500 ш.м. аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Фото: видеодан скрин

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары