Malim.kz
Оқиға

Атырауда миллионнан аса шабақ құтқарылып, Жайыққа жіберілді

Мәди Саматұлы

Мұнша шабақты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аман сақтап қалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, нәтижесінде 27-28 тамыз күндері Индер ауданындағы бөлініп қалған сулардан шамамен 1 млн 280 мың дана балық шабағы құтқарылған.

«Маломокрый» арнасынан да шамамен 37 мың дана балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілген.

Фото: АШМ

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары