Malim.kz
Қоғам

Атырауда тағы бір адам іздестіріліп жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: Атырау облысы ПД

Атырау қаласында 59 жастағы Талғат Назаров із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ер адам 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол Кокарна шағынауданында тұрған. Белгілері: бойы 170–175 сантиметр шамасында, дене бітімі орташа. Үстінде қара түсті күрте мен қара шалбар болған.

Полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдарды құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары