Malim.kz
Қоғам

Атырауда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кетті

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Атырау теміржол вокзалында такси жүргізушісі мен жолаушы арасында болған жанжал пышақтасуға ұласты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам сөзге келіспей қалып, жанжал төбелеске айналған. Төбелес барысында қалааралық такси жүргізушісі суық қару қолданып, жолаушыны пышақтап жаралаған.

Жарақат алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Оқиғаға байланысты Атырау облысы Полиция департаменті пікір білдіріп, аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары