Malim.kz
Сұқбат

Атыраудағы балабақшаның бірінде бала көзін жарақаттап алды

Malim Админ

Атырау облысындағы балабақшаның бірінде бала көзін жарақаттап алды, деп жазды azh.kz. Оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданы Сафон ауылындағы «Боташым» балабақшасында болған. Қазір екі жастағы бала аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінде емделіп жатыр.

Баланың қалай жарақат алғаны белгісіз. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Бейнекамера тексеріліп, балабақша қызметкерлері мен куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Фото: ашық дереккөзден

Malim Админ
Автордың басқа материалдары