Malim.kz
Қоғам

Атыраудағы қанды қылмыс: бір отбасының өліміне қатысты сұмдық деректер жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды Malim.kz «Астана» телеарнасы сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура өкілдерінің сөзінше, тергеу барысында қылмыстың ерекше қатыгездікпен жасалғаны анықталған. Марқұмдардың денелерінен бірнеше пышақ жарақаты табылған.

Телеарна тілшісінің айтуынша, күдікті Қарабалиндер отбасына аса айуандықпен шабуыл жасаған.

Сараптама қорытындысы әрбір марқұмның денесінде кесілген және тесілген көптеген жарақат болғанын көрсеткен.

Мамандардың дерегіне сәйкес, өлімге дәл осы ауыр пышақ жарақаттары себеп болған.

Сонымен қатар, марқұмдардың қызына қатысты Атырауда жүргізілген сот-психологиялық және психиатриялық сараптама нақты нәтиже бермеген. Осыған байланысты зерттеуді Алматыда қайта жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ал күдіктіге жүргізілген сараптама оның ақыл-есі дұрыс екенін және өз әрекеттеріне жауап бере алатынын көрсеткен.

Тергеу мәліметтері отбасы мүшелерінің әртүрлі уақытта көз жұмғанын көрсетті: біреуі мамырда, ал қалғандары қарашада өлтірілген.

Құзырлы органдар бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағанын мәлімдеді. Қылмыс күдікті мен жәбірленушілер оңаша қалған кезде болған.

Марқұмдардың туыстары соттың ашық өтуін талап етіп отыр. Олар балалардың психологиялық жағдайына алаңдап, әділ шешім шығуын күтуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары