Malim.kz
Оқиға

Атыстан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті

Айбын Атабай
pixabay

2025 жылы 2 қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында қару қолдану дерегі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

- Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары