13–15 шілде аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі сипатта болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада бұл күндері күн бұлтты болып, кей сәттерде жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +21...+24°C аралығында, ал түнде +10...+13°C дейін төмендейді.
Алматыда алғашқы екі күн жауын-шашынсыз өтеді, ал 15 шілдеде өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндізгі температура +30...+35°C, түнде +17...+23°C шамасында.
Шымкентте үш күн бойы ыстық ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Күндізгі температура +36...+39°C, ал түнгі температура +20...+25°C аралығында болады. Ауа райының мұндай сипатында тұрғындарға күннен қорғану шараларын сақтап, жеткілікті мөлшерде су ішу ұсынылады.
Фото: freepik.com