Malim.kz
Экология

Ауа райына байланысты 11 өңірінде ескерту жарияланды

Арман Қайыпхан
Сурет: unsplash

5 қараша күні еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазгидромет» РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады. Барлығы 11 облыста күшті жауын-шашын, тұман, боран және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, Алматы және Жамбыл облыстарында қар жауып, кей жерлерде қардың күшейетіні, сондай-ақ тұман мен көктайғақ болатыны болжанып отыр.

Қостанай, Ақмола және елдің солтүстігіндегі өзге де өңірлерде боран соғып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал оңтүстік аймақтарда – Қызылорда мен Түркістан облыстарында – тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерісін ескеріп, сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары