2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақмола облысы:
- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 445-595 шақырым аралығы (Державинск қаласынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін)
Cолтүстік Қазақстан облысы:
- «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 595-671 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасынан Тоқсан Би ауылына дейін);
Жолды 2025 жылғы 16 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.