Malim.kz
Қоғам

"Ауқымды құрылыс": Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Мадияр Қапанбек
Фото: Видеодан кадр

Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды.

Ақжайық шағынауданында 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталық салынуда. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға арналған және ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге ем жүргізуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары