Malim.kz
Қоғам

Ауылда үй алудың жаңа тәртібі енгізіледі

Сабина Асқарқызы
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда ауылдық жерлердегі мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйді бөлу тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға өз ауданы аумағындағы қолайлы баспананы таңдап, оған өтінім беруге мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Жаңа тәртіп мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты болады.

Министрліктің мәліметінше, жаңа жүйе бойынша алғашқы өтінімдер 1-7 қыркүйек аралығында baspana.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Өтінімді тиісті ауданда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бере алады.

Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін қалыптастырады.

Баспананы бөлу кезінде бірнеше фактор ескеріледі. Атап айтқанда:

Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ал кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі.

Тағы бір өзгеріс 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап тұрғын үйдегі бөлме саны отбасы құрамына қарай анықталады.

Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға және әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары ескеріледі.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары