Malim.kz
Қоғам

Ауыр дертке шалдыққан актер Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал актер Мұрат Бисембиннің жағдайы тұрақталғаны белгілі болды. Қазіргі таңда ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Инсульт орталығының меңгерушісі Азиз Исмаиловтың айтуынша, науқас ауруханаға ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер тарапынан барлық қажетті ем-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде актердің жағдайы тұрақтанған. Енді ол әрі қарай ем қабылдау және дәрігерлердің бақылауында болу үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жіберіледі.

Актердің қызы Диана Булатова дәрігерлерге және қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.

"Қазір мені ауруханадағы барлық медицина қызметкерлеріне және бізді қолдап, шын жүректен сауығып кетуіне сеніп отырған жандарға деген ризашылық сезімі кернеп тұр. Құдай қаласа, келесі жылы жақсы жаңалықпен ораламыз. Баршаңызға үлкен рахмет", – деді Диана Булатова.

Айта кетейік, бұған дейін Диана Булатова әлеуметтік желіде әкесі Мұрат Бисембиннің инсультпен ауруханаға түскенін хабарлаған болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары